Парламент Мәжілісінің 5 депутаты көп балалы аналарды қолдау мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жәйін қолға алды. Осы мақсатты көздейтін заң жобасы желтоқсанның 2-сі күні Мәжілістің заңдар және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің отырысында қаралды. Жоба бойынша баяндаған депутат Қуаныш Төлеметовтің айтуынша, көп балалы аналарды қолдауда төрт заңға өзгеріс енгізілмек.
Депутаттың айтуынша, елде 10 баладан да көп балалары бар аналардың саны 141 мың екен. Ол төрт баласы бар аналар 5-ші сәбиді де дүниеге әкелсе күміс алқаны иеленіп, жәрдемақы алуға ынталы болады деген пікірде. Бұл сондай-ақ 7-8, одан көп балалы болуға аналардың ынтасын арттырады деген есептен шығып отыр.
«Заңдарға жоғарыда аталғандай өзгерістер еніп жатса, республикада 500-600 мың баланың дүниеге келуіне әсер етеді деп болжанып отыр»,- дейді депутат Төлеметов. Ал, жылына елде 210 мыңдай нәресте дүниеге келеді екен.
Алайда, айтылып отырған заң жобасына қатысты үкіметтің ұстанымы белгісіз. Өйткені, жобаға байланысты қортынды әзірге Парламент қоржынына түсе қойған жоқ. Қаралған заң жобасы тұжырымдамалық жағынан мақұлданды.