Accessibility links

Баспасөз шолуы


Мерзімді басылым беттерінде Алматыдағы құрылысы тоқтап тұрған метрополитен түнгі уақытта адамдар мен хайуандардың қанды жекпе-жегін тамашалуға болатын құпия сауық-сайран орнына айналғаны туралы және Қазақстандағы саяси-әлеуметтік мәселелер талқыланған материалдар жарық көрді.

Алматы қаласындағы құрылысы тоқтап тұрған метрополитен адамдар мен хайуандардың қанды жекпе-жек алаңына айналған. Бұл фактіні “Караван” апталығының тілшісі Серік Ахметов “Жер асты гладиаторлары” деген мақалада әшкерелепті. “Барлығы аса құпия жағдайда өтетіндігінен, осы бір жиіркенішті шоу бірнеше жыл бойы тұмшаланып келген”, - дейді айқас өтетін жерден репотаж жасаған газет тілшісі. Оның айтуынша, “әдетте бұл қанды қақтығыс түн ауа басталады. Осы уақытта оншақты сәнді шетелдік маркілі мәшинелер алғашқы көрермендерді әкеле бастайды. Олардың арасында ерлер де, әйелдер де бар. Оларды қаумалаған күзетшілер алып жүреді.” “Адамдар қатігез көріністі тамашалау үшін ғана келмейді, оларға тотализатор да қызықты. Әр бір айқасқа қатысушының басына 100-ден 5000 мың долларға дейін бәйге тігіледі. Төбелеске жаңадан келгендер де, кәнігі шеберлер де қатыса алады”, - дейді журналист.

“Биылғы жылы Астана қаласы бойынша кедейшілік деңгейі 2223 теңгені құрады. Соған сәйкес ең төменгі күнкөріс бағамы – 5004 теңге. Осындай есептік талаптарға сәйкес елордада 5128 аз қамтамасыз етіліген азаматтар тіркелген”, - деп хабарлайды “Егемен Қазақстан” газетінің тілшісі Қайсар Әлім Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтеріне сүйене отырып.

“Аграрлы партия өз ұсыныстары бойынша стипендия көлемі 25 пайызға артқанына жастардың қоғамдық ұйым мүшелері алдында мақтанды”, - деп хабарлайды “Панорама” апталығы. “Нәтижесінде стипендия 510 теңгеге артып, айына 2720 теңгені құрайтын болады.”

“Түркияның Иракқа әскер жіберуге шешім қабылдауына орай онда болған террорлық акт террористердің Қазақстанға да жасаған ескертуі”, - деп есептейді “Новое поколение” газетінің тілішісі Ольга Малахова. Өйткені, қазір Аль-Кут қаласында 27 қазақстандық жауынгер бар. “Сондықтан, Қазақстанға бей-жай қалуға болмайды. Сарапшылар Ыстамбұлдағы жарылыстарды “Әл-Каеда” қызметімен байланыстырады. Бірақ, Қазақстанда террорлық ұйымдар бар екенін ұмытпайық. Елдің оңтүстігінде ваххабиттер бас көтеруде, Ал соңғы оқиғалар Хизб-ут-тахрирдің тіпті солтүстік облыстарды торлай бастағанын көруге болады”, - деп жазады газет тілшісі.

“Қазақстан заман” халықаралық газетінің тілшісі Ахмет Аляз “Террорға – бірлескен тосқауыл!” деген мақалада “Стамбулдағы жарылыстың астарында не жатыр?” деген сауал төңірегінде ой қозғайды. Оның айтуынша, “әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары террорды нәсілген, дінге, жеке бір топқа жіктемей, жалпыға ортақ жау деп жариялауы керек. Өйткені, ешбір дін террорды қолдамайды. ”

“Қазір Қазақстанда музыкалық терроризм жүріп жатыр!” – деп мәлімдейді Болат Шархымбай “Қазақ әдебиеті” газетінде. Ол: “таяуда америка кәсіби ұстаздар ассоциациясы поп-жұлдыздар Бритни Спирс пен Кайли Миноугты сотқа берген. Неге? Олар әншілердің сахнада өзін-өзі ұстау мәнері қалай болса солай және ашық-шашық киім-киістері балаларға кері әсер етеді деп санайды”, - дей келіп, “осы тәсілді қазақстандықтар да қолдауға құқылы”, - дейді журналист. Оның айтуынша, “қала берді “Шахар” телеаранасында Хит тв бағдарламасы, 31-дің музыкалық аранасы, НТВ деген телеарналардың күні-түні айналдыратыны көкезу, тұзы татымаған, көпіршік дүниелер”. Сондықтан, осы мәселені БАҚ туралы жаңа заңда ескеру қажет деп есептейді Шархымбай.

“БАҚ туралы” Заң – “Байқа, артыңдағы қожаң туралы” Заң болып жүрмесін дейді Төлен Тілеубай “Жас қазақ үні” газетінде қазір парламентте қаралып жатқан жаңа заң жобасы жөнінде. Оның айтуынша, “қалаулылар жаңа жобадағы эротикалық хабарлар туралы біраз жаға жыртысқан.” Осы газеттегі “Өз мұқтажыдығын өтеуге жанталасқандар” деген мақалада Оңтүстік Қазақстанда ауыл мектептеріне мұғалім болып қызметке орналасу 300 долларға барып тірелетінін, ал директор креслосына қонжыю 2000 доллар екен деген сыбыс бар екенін жазады.

“Деловая неделя” апталығы “Демократия атымен” деген мақалада “республиканың тарылып қалған партиялық спекторы қайта кеңейе бастады. Рекордтық аз уақыт аралығында “Асар” партиясы дайын болса, бұл жолы партиялар қатарына радикалды оппозиция өкілдері қосылуға даяр“, - деп жазады “Қазақстанның демократиялық таңдауы Халық партиясының” құрылуы жөнінде.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG