КӨКШЕТАУ: Қазақ ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Көкшетау өңіріндегі мектептерде желім, бензин сынды токсикологиялық заттарды иіскеумен әуестенген балалардың қатары өсе түсуде. Облыстық наркология қызметінің мәліметі бойынша, токсикоман-оқушылардың қатары соңғы жарты жылда ғана 5-6 есеге ұлғайған. Дәрігерлердің пікірінше, ол проблема мектеп басшыларының үнсіздігінен ушығып отыр. Өйткені мектептер өз абыройына кір жұқтырғысы келмей, әлгіндей көрініске көз жұмып қарайды. Облыс орталығының бір мектебінде ғана осы күні 40 токсикоман бала тіркелген. Облыстық наркодиспансерде 70 бала мен жасөспірім тіркеуде тұр. Мектеп жастары желім, бензин немесе басқа да токсикологиялық затты иіскеуден денсаулыққа қандай ауыр нұқсан келетінін білмейді.
Көкшетау өңіріндегі мектептерде желім, бензин сынды токсикологиялық заттарды иіскеумен әуестенген балалардың қатары өсе түсуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы