Accessibility links

“Қазақстанның түйе тауығы” ЖШС-і кәсіпорны асыл тұқымды құстардың 3-інші фермасын ашпақ.


ҚОСТАНАЙ: “Казахстанский страус” немесе “Қазақстанның түйе тауығы” кәсіпорны асыл тұқымды құстардың 3-інші фермасын ашпақ. Қазақ ақпарат агенттігінің Қостанайдан хабарлағанындай, Қазақстандағы түйе тауық пен күрке тауық асырайтын жеке-меншік әрі тұңғыш 2 құс фермасы жуырда ғана асыл тұқымды фермаларға айналды. Қазір түйе тауықтың басы 65-ке жетсе, оның етіне деген сұраныс өсе түсуде. Күрке тауықтардың фермасында 1500 құстан келесі жылы 40 мыңға жуық асылды тұқымды жұмыртқа алу жоспарлануда. Бройлер тауықтарының таяу күндері ашылатын фермасында “Сибиряк” және “Смена-4” атты құс тұқымдарын асырау көзделуде.
XS
SM
MD
LG