АСТАНА: Бүгін Қазақстан президенті Н.Назарбаев 2 күндік ресми сапармен Пәкістанға барады. Сапар барысында Қазақстан Елбасының Пәкістан басшылығымен кездесулері және келіссөздер жүргізуі қарастырылған. Келіссөздердің қорытындылары бойынша екі ел арасындағы 5 келісім мен уағдаластыққа, оның ішінде өз-ара инвестициялармен алмасу туралы келісім-шартқа қол қойылады деп күтілуде. Президент Н.Назарбаевпен бірге Исламабадқа сыртқы істер, білім және ғылым министрі мен Ұлттық банк төрағасы, сондай-ақ, екі елдің іскер топтарының 9-ыншы желтоқсандағы бас қосуына қатысу мақсатында 30-ға жуық қазақ кәсіпкері ұшып бармақ. Ол бас қосуға қазақ президенті де қатыспақ және Н.Назарбаевтың соңғы кітабының тұсаукесер рәсімі өтпек.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жаңа Қазақстан" мәжілісі
"Бәз баяғы спикер, бұрынғыдан айырмашылығы аз парламент"
-
Мәскеудегі сапардан соң
Қытай мен Ресейдің достығы Орталық Азияға қалай әсер етеді?
AzattyqTV