Accessibility links

Парламент Мәжілісі “Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң жобасын мақұлдады.


Желтоқсанның 10-күні болған Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жастардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге, мемлекеттік жастар саясатының нормативтік құқытық базасын қамтамасыз етуге бағытталған “ҚР-ғы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң жобасы қаралды.

Заң жобасындағы негізгі мәселер жастарға мемлекеттік ұйымдарда немесе жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда жұмыс орнын беруде жәрдемдесу қарастырылған.

Сондай-ақ, жастар үшін орта және жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырыстарының негізінде оқитын студенттер үшін темір жол және қалааралық автокөлігінде қысқы және жазғы демалыстар кезеңінде 50 пайыз жеңілдікпен жүру мәселесі қамтылған.

Аталмыш заңды талқылау барасында депутат Асқар Бейсенбаев “заңның болашақта жұмыс істейтініне күмәнданамын”, - деген пікірін жеткізді.

“Қазір ауылда жыл сайын 230 мың бала мектеп бітіреді екен. Соның тек 40-45 пайызы ғана жоғары оқу орындарына түсе алады. Ақылы оқуға тсүкен балалардың өздері әрбір тиынын үнемдеп, оқудан бос уақытында жұмыс істеп ауылына бара алмай жүр. Міне осыған неге біз қолдау жасамаймыз? Егер жыл сайын 130 мың бала оқуға түсе алмаса, ауылда білімсіз болып қалып, жоғары білім алмаса мемлекетімізге керек деген азаматтарымыз өз мүмкіндіктеріннен шектеліп қалмай ма.

Заңның ішінде күмән тудыратын тағы бір мәселе, жергілікті бюджеттен жастар саясатына ақша бөлу мәселесі. Олар жастар саясатына қаржы бөлмек түгілі, мектептерді жөндеуге ақша таппай отыр. Көптеген мәселені біз асығыс қабылдаймыз. Тамыры жоқ ағаштың өсетініне мен күмәндымын”.


Алайда Осы жоба бойынша депуттар алдында баяндама жасаған Мәдениет министрі Дүйсен Қасейіновтің айтуынша бұл жастар асыға күтіп отырған заң.

“Менің ойымша мұндай заң бүгінгі күні өте қажет. Біз жастардың пікірлерін білеміз, олар да осы заңның қабылдануын күтіп отыр. Ауылдық жерден келген жастарға оқу заңында бар,онда 30 пайыз квота қарастырылған. Менің ойымша бұл заң болашақта жұмыс істейтін болады. Бірақ бір заңның ішінде барлық мәселелерді 100 пайызға шешуге болады деп ойламаймын”.

Жастар саясаты туралы заң жобасында айтылғандай мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитындарға ғана жол жүру ақысы жеңілдетілетіні туралы мәселе депуттар арасында дау тудырды. Депутаттардың бір қатары “республикадағы барлық студент жасқа аталмыш жеңілдік жасалуы керек”- деген ұсыныс жасап еді, ол ұсыныс қолдауға ие болмады.

Осыған байланысты Жастар Конгресінің мүшесі Нұрлан Өтешовтің пікірін білген едік.

“Осы мәселеде екі пікір бар. Мемлекеттік тапсырыспен оқитындарға жеңілдік жасау. Екіншісі барлық студенттерге осы жеңілдікті беру. Әрине барлық жастың осы жеңілдікті пайдаланғаны жөн болар еді. Алайда мемлекеттің барлығына бірдей қолдау жасауға әзірге мүмкіншіліг жоқ.”

Сөйтіп Мәжіліс депутаттары “Жастар саясаты туралы” заң жобасын баптар бойынша қарап, бір ауыздан мақұлдап, Сенаттың қабылдауына жіберді.
XS
SM
MD
LG