Accessibility links

Ақмола облысында жыл басынан бері 27 мың 833 шағын кәсіпкерлік субьектісі тіркелді.


Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8 410-ға артық. Осы мерзімде 26 миллиард 673,7 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, тұрмыстық қызмет көрсетілген. Нәтижесінде бюджетке 2 миллиард 309,8 миллион теңге қаржы құйылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 163,9 миллион теңгеге артық. Облыс көлемінде шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына жете мән беріп отырған Көкшетау, Степногор қалалары мен Шортанды, Атбасар, Есіл аудандарындағы өсім жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы қамтамасыз етілуде. Қазірдің өзінде 11 ауданда бюджеттік салық пен басқа да, төлемдер жоспары асыра орындалып отыр,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
XS
SM
MD
LG