Accessibility links

Украина оппозициясының белсендісінің үйіне және мәшинесіне от қойылды


Украина оппозициясының белсендісі, парламент депутаты Ювхен Кирилчуктің үйіне және мәшинесіне кеше от қойылды. Люцк қаласының полициясы айтқандай, оның үйі тұтас жанып кетті. Адам шығыны болған жоқ. Ювхен Кирилчук Юлия Тимошенко бастайтын оңшыл оппозициялық партияның мүшесі. Ювхен Кирилчук үйімді және машинамды президент Леонид Кучманың жақтастары өртеді деп мәлімдеді. Украина оппозициясы президент Кучманың дара билігін күшейтетін конституциялық өзгерістерге қарсы шығып жүргені белгілі.
XS
SM
MD
LG