Accessibility links

Ирақ министрі Біріккен Ұлттар Ұйымын сөкті


Ирақ сыртқы істер министрі Хошиар Зебари Біріккен Ұлттар Ұйымын Саддам Хұсейнді ондаған жылдар бойы зұлымдықпен билетіп қойғанына сөгіс айтты. Қауіпсіздік кеңесіне сөйлеген сөзінде Хошиар Зебари Біріккен Ұлттар Ұйымы Ирақты Саддамнан 35 жылдан аса құтқара алмады, енді елдің қайта өрлеуіне барша халықаралық қауымдастықты шоғырландыру керек деп сипаттады. Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Кофи Аннан Ирақ уақытша үкіметін құрып, АҚШ бастаған одақтастардың билігін оған тезірек тапсыруға шақырды. Кофи Аннан, сол сияқты, Біріккен Ұлттар Ұйымы Ираққа қайтатын болса саяси мәртебесі анықталсын деп талап қойды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG