Осы клуб басшысының сөзіне қарағанда, Ирақтың қазіргі кездегі сыртқы қарызы 115 пен 120 миллиард доллар шамасында екен. Ирақ қарызын кеміту келісіміне келер жылдың соңына дейін қол жеткізуге клуб өкілдері үміт артуда. Бұл ұсынысты Британия өкімет басшысы Тони Блейр де қолдап отыр. Осыған орай америкалық өкіл Бейкер мырзаның сапары одан әрі жалғасуда.