Accessibility links

Кеше Бельгияның оңтүстігінде автобус аударылып, апатқа ұшыраған кезде 11 адам опат болған.


Мюнхеннен Парижге қарай бара жатқан автобус төтенше оқиғаға кезіккенде таңертеңгі мезгіл болғандықтан, жолаушылардың бәрі де ұйқы құшағында еді. Бельгияның төтенше жағдайлар қызметінің өкілі Грегори Дафер апатты жағдайды былайша суреттеген. - Бұл бақытсыз жағдай өте бір қолайсыз уақытта, таңертең жолаушының барлығы да таңғы ұйқыда келе жатқан кезде болған. Автобуста өрт шыққан кезде кенет ұйқыдан оянғандар арасында дүрбелең болып, көп адамның опат болуына соқтырған, - дейді ол. Қазір полиция апат салдарын тергеп-тексеруде. Жолаушылар қатарында түрлі ұлттың өкілдері, барлығы 49 адам болған.
XS
SM
MD
LG