Accessibility links

Тергелген қылмыстар бойынша Ақмола облысының экономикасына 202,7 миллион теңге зиян келтірілген.


ҚР Бас прокуратурасының Ақмола облысы бойынша құқық статистикасы және арнайы есеп жүргізу комитетінің мәліметтеріне қарағанда ағымдағы жылдың 11 айы ішінде 5 мың 135 қылмыс тіркелген. Оның ішінде ауыр қылмыстардың үлесі -24 пайыз, аса ауыр қылмыстар -3,6 пайыз. Облыстың құқық қорғау органдары мен экономика саласында 605 қылмыс жасалған. Жалпы облыс бойынша жасалған қылмыстардан 202,7 миллион теңге материалдық зиян келтірілгендігі анықталды. Олардың 58,4 пайызы меншікке қарсы және 18,5 пайызы экономика саласындағы қылмыстардың үлесінде,-деп хабарлайды ҚазАқпарат Ішкі Істер Министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
XS
SM
MD
LG