Accessibility links

Израиль 1967-ші жылы Сириядан басып алған Голан жоталарына үш жыл ішінде еврей елді мекендерінің санын екі есеге артыруды жоспарлап қойды.


Израиль Ауыл шаруашылығы министрі Израэль Кацтың айтуынша, өз жерін қайтаруды үзілді кесілді талап етуші Сириямен келіссөздер бастамас алдын Израиль бұл ауданда өз есебін түзеп алуы тиіс. Израиль радиосының хабарлауынша, Голан жоталарының инфрақұрлымын дамытыу мақсатында 7 миллион доллардың қаржысы бөлініп отыр. Газа аймағында израильдік тікұшақ Хамас қарулы тобының екі мүшесі отырған көлікті атқылыды, осыдан Хамастың бір жауынгері ауыр жараланып, жақын маңда тұрған 10 бейбіт тұрғын жаралы болды. Сейсенбі күні еврей қосындары Иордан дариясының Наблус кентіне жорық жасады.
XS
SM
MD
LG