Accessibility links

Қазақстан үкіметі қазналық жүйесіне қол салған аты-шулы қылмыстық істі ашқан ішкі істер министрлігінің қызметкерлерін ақшалай сылықтармен марапаттады.


АСТАНА: Қазақстан үкіметі өзінің арнайы қаулысымен, республиканың қазналық жүйесіне қол салған аты-шулы істі аша білген ішкі істер министрлігінің шұғыл тергеу тобының қызметкерлерін марапаттады. “Хабар” агенттігінің ақпарына сүйенген қазақ ақпарат агенттігі хабарлағандай, әрбір полицей 110-дан 150 мың теңгелік ақшалай сыйлық алды. Өткен тамыз айында бюджеттен 187 млн. теңге қаржы ұрланған болатын. Тергеушілер 3 айдың ішінде күдіктілердің 4-еуін қолға түсірумен қатар, қолды болған қаржының бір бөлігін қайтарды. Қалған екеуі әзірше бас сауғалап жүр.
XS
SM
MD
LG