Accessibility links

“Бритиш эйруейз” компаниясының әлі біраз сапары жасалмауы мүмкін


Британия көлік министрі Элистейир Дарлинг террорлық шабуыл қаупінен "Бритиш эйруейз" компаниясының әлі біраз сапары жасалмауы мүмкін деп ескертті. ББС радиосына берген сұхбатында Британия көлік министрі жолаушылар ұшақтарының ұшпай қалу жағдайы енді бірнеше жылға созылуы мүмкін деп ескертті. Осы аптада "Бритиш эйруейз" компаниясының Лондоннан Вашингтонға және Эр-Риядқа қатынайтын ұшақтары ұшпай қалды. Британия құпия полициясы ескерткен қауіпті АҚШ барлау мекемесі де растаған болатын.
XS
SM
MD
LG