Ирақтағы АҚШ әкімшілігінің басшысы Пол Бремер бүгін коалиция күштері түрмедегі ирақтықтардың алғашқы тобын, яғни 500-ге тарта тұтқынды бостандыққа шығара бастайды деп айтқан.
- Ирақты қалпына келтіруге ықыласты Ирақ тұрғындарын ынталандыру үшін коалицияның жүздеген тұтқындарды босатып, олардың отбасыларына оралуына рұхсат ететіндігін жариялаймыз. Олардың алдыңғы 100-і бүгін жіберіледі, - деген Пол Бремер.
Бремер сондай-ақ іздестіріліп жатқан Ирақтың белгілі адамдар тізіміндегі және басқа да қылмыскер дегендерді ұстап беруге көмектескендер үшін берілетін ақшалай сыйлықтың жаңа мөлшерін де жариялаған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады