АҚШ мемлекеттік департаментінен хабарланғанындай, АҚШ ол елдегі адам құқықтарына байланысты көптеген сындарға қарамай, Өзбекстанмен өз әскери байланыстарын одан әрі жалғастыра бермек.
Департамент өкілі Финтордың мәлімдегеніндей, өткен жылы президент Кәримовтың үкіметі адам құқықтары бойынша АҚШ тарафынан ұсынылған талаптарды түгелдей орындай алмаған.
Ал 1991 жылы АҚШтық сенатор және Сыртқы істер бойынша комитет жетекшісі Лугар жасаған бағдарлама бойынша, Өзбекстанда мыңдаған соғыс қарулары жойылған.
Ал жалпы ол бағдарламаны орындағандығы үшін Өзбекстан АҚШтан қаржы көмегін алуы тиіс. Бірақ заңға орай адам құқықтары сақталуы керек.