Accessibility links

Европа одағы мен Иран елінің өкілдері бүгін Техранда кездесуде.


Оның барысында аталған елдің ядролық бағдарламасы жайы, адам хұқықтарының сақталуы, сондай-ақ алда келе жатқан Парламент сайлауларына дайындық талқылануда. Европа одағының Сыртқы істер бойынша басшысы Хавиер Солана мырза сөз орайында екі жақ арасында табиғи әріптестік пен байланыс орнағандығын айтты. Дей тұрғанмен, алдағы сайлаулардың әділ де шынайы өтуінің аса маңыздылығын ол баса ескертті. Иранның 90-дай депутаттары сайлау алдында орын алып жатқан заңсыздықтарға наразылық ретінде Парламент ғимаратында отырған күйде қарсылық жасауларын одан әрі жалғастыруда. Солана мырза Иран елбасы Мұхамед Хатамимен кездесіп, жер сілкінісінен зардап шеккен аймақта болмақшы.
XS
SM
MD
LG