Италия бас министрі Сильвио Берлускони тергеуге тартылмасын деген заңды Италия конституциялық соты кеше жарамсыз деп тапты. Сильвио Берлускони 1985 жылы сотқа пара берді деген іс маусым айында жеке заңның арқасында тоқтатылған еді. Сильвио Берлускониге және бір топ ресми басшыға тергеуге тартылмау иммунитет құқығы берілсін деп арнайы заң қабылданған-ды.
Италия конституциялық соты бұл заңның күшін жойды. Заң алдында кез-келген азамат тең болу керек деген қағида башылыққа алынды бұл жерде.