Accessibility links

Иранда саяси текетірес күшейе түсті


Ақпан айында Иранда жаңа парламент сайланбақ. Алайда, Иран сақшылар кеңесі деп аталатын сайлау арқылы іріктелмеген басқару ұйымы үш мыңдай реформистке науқанға қатысуға тиім салды. Сайлаудан алыстатылған бұл азаматтардың сексен шақтысы қазірде парламент депутаты. Олар наразылық танытып жексенбіден бері парламенттен шықпай ереуілдетіп отыр. Реформистердің серкесі президент Мұхаммед Хаттами мәселе шешілмесе консерваторлардың қырсығынан биліктен кетуіміз мүмкін деді. Иран сақшылар кеңесі болса "ислам дініне кірмегендерге, бұзақылар мен жемқорларға парламентте орын жоқ" деп, айтқанынан қайтататын емес.
XS
SM
MD
LG