Accessibility links

Сергей Дуванов үйіне оралды


14-ші қаңтар күні Қазақстан оппозиционерлерінің басым көпшілігі Сергей Дувановтың үйіне келгенін естіді. Сергей Дувановтың әріптесі, журналист Адрей Свиридовтың ойынша, Сергей Дувановты үйіне жібере отырып, Қазақстан үкіметі оппозицияға бір жеңілдік жасап отырған жоқ, олар тек заңды орындап жатыр, - деді Адрей Свиридов.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалық бөлімінің жетекшісі Маржан Аспандиярованың пікірінше, билік Сергей Дувановты жіберуге мәжбүр болды.

Маржан Аспандиярова, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық бірлестіктің Алматы қалалық бөлімінің жетекшісі: - Әрине, Сергей Дувановтың Алматыға келгені үлкен қуаныш, бірақ Сергей Дуванов толығымен босатылған жоқ. Билік мұндай қадамға жәй барып отырған жоқ. Бұл менің пікірімше, Коллин Пауэллдың Қазақстан президентіне жазған хатынан кейін, сонымен қатар халықаралық қауымдастықтың наразылығынан кейін іске асып отырған шаруа. Қазақстан билігіндегілер Сергей Дувановты жіберуге мәжбүр болды. Әзірге,Сергей Дуванов кәсіби қызметін атқара алмайды, түрлі басқосуларға қатыса алмайды. Бірақ біз әлі де болса, Сергей Дувановтың қауіпсіздігіне алаңдаймыз, қазір ең алдымен Сергей Дуванов денсаулығын реттеп алуы керек. Сосын Сергей Дуванов бар мәселесін шешіп алып, біздің қатарымызға қосылса дейміз.

Сергей Дувановтың тағы бір әріптесі Шәріп Құрақбаев Сергей Дувановтың достарының қатарына қосылғанына қуанышты, бірақ Шәріп Құрақбаевтың мемлекеттегі саяси жағдайға көңілі тоймайды.

Шәріп Құрақбаев, журналист: - Сергей үшін мен қуаныштымын. «Мың күнгі қапастан, бір күнгі жарық артық» дегендей адам өмірде қиындық көп көреді, бірақ адамды үкімет жазалағысы келсе, мұндай түрде жазаламау керек еді. Сергей Дуванов сотталатын адам емес, себебі ол қылмыскер емес. Бізде миллиондаған, миллиардтаған доллар ұрлап жатқан адамдар бар, бірақ олар жауапқа тартылмайды. Өмір шындығы осылай болып отырғандықтан, біз сол өмір шындығына көнуіміз керек болып отыр.Алайда, қазірдің өзінде билік ойлана бастады, әрине, билік өзі ойлана бастаған жоқ. Бұл халықаралық қауымдастықтың күшімен жасалып отырған шара. Сол себептен мен оларға осы жасағандары үшін рахмет, деп айтар едім.

Әзірге, журналист Шәріп Құрақбаев әріптесі Сергей Дувановпен жүздесе алатынына риза.
XS
SM
MD
LG