Астана соты "Ахуал сегодня" YouTube-арнасының авторы Азамат Омаровты қамауда қалдырды. Журналист 18 шілдеден бері тергеу абақтысында отыр. Қазақстанның медиақауымдастығы елде тәуелсіз журналистер мен сыни пікір айтқандарға қысым күшейіп, ақпарат кеңістігі аясы тарылып жатқанын айтады.
Алматыда Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнәр Бажкенованың соты басталды. Желтоқсанның басынан бері үйқамақта отырған журналист өзіне қарсы қозғалған істі "ойдан құрастырылған" деп атады. Ол өзінің адвокатын мемлекет істен шеттеткеннен кейін оны қорғауға басқа заңгерлер келіспегенін айтты.
Қазақстанда бірталай журналистердің ұсталғаны, олардың үстінен қылмыстық және әкімшілік іс қозғалғаны медиа қауымды алаңдатып отыр. Билік өкілдері "адам аузына ие болуы керек" дейді.
Түрмедегі журналист Думан Мұхаммедкәрім денсаулығы күрт нашарлауына байланысты 23 наурызда аштық ақциясын тоқтатқан. Мұны 1 сәуірде Азаттыққа онымен кездесіп шыққан адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады. Ол тұтқынның салмағы 55 келіге түсіп, оқшауда ұзақ отыру психологиялық қысымды күшейткенін айтты.
Қазақстанда билікті сынайтын саяси белсенділер, журналистер, блогерлер, тіпті тәуелсіз институттар Meta платформаларындағы жазбалары өшірілгенін хабарлады. Бұл шешімдерді даулағандардың кейбірі жазбаларының қайтарылғанын айтып отыр.
Түркіменстанда халықтың күнделікті көкейкесті мәселелеріне, әсіресе азық-түлік жағдайына көптің назар аударып, әлеуметтік желіде өткір сын айтқаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен блогердің қабірі табылғаны расталды. Мұны 5 қаңтарда Азаттықтың Түркімен қызметі – Азатлық радиосы жазды.
Халықаралық ұйымдар Орталық Азия елдеріндегі онсыз да өрісі шектеулі сөз еркіндігі барған сайын тарылып бара жатқанын айтады. Медиа мен интернетті бақылаудың жүйелі түрде күшеюі, журналистер мен белсенділерді қудалау аймақта тұрақты үрдіске айналған.
Алматы соты журналист Олег Гусевті мақаласында кейіпкердің бұрын бірнеше рет сотты болғанын жазғаны үшін айыпты деп танып, 3 жылға шартты түрде бостандығынан айырды. Тағылған айыптарды жоққа шығарған Гусев өз ісін кез келген журналисті жазаға тартуға жол ашатын қауіпті прецедент деп атады.
Тағы