Accessibility links

Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметі бойынша, 2004 жылы қажылыққа 3 млн-нан астам халық келмекші, ал Қазақстаннан 320 діндәр барады.


АЛМАТЫ: 23 қаңтарда бүкіл мұсылман дүниесі үшін қажылық басталады. Сауд Арабиясы үкіметінің мәліметі бойынша, биыл қажылыққа 3 млн-нан астам халық келмекші. Қазақстанның бас мүфтиі Әбсәттәр қажы Дербісәлінің хабарлауынша, республикадан биыл 320 кісі қажылыққа аттанады. Биыл Қазақстан мұсылмандары үшін қажылықтың шығыны 2 мың АҚШ долларын құрап отыр. Бас мүфти Әбсәттәр қажының айтуынша, қажылықтың шығыны бүкіл әлемде өскен. Оның есесіне әлгі шығын дәрігерлік көмек, тілмәш және жолсерікті де түгел қамтиды.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG