Accessibility links

Атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға қатысты дау ұлғайды


Атаулы әлеуметтік көмек туралы заң төңірегінде туындап отырған даудың орын алғанына біраз уақыт болды. Парламент депутаттары “жалпы заң халық үшін өте тиімді, алайда соның орындалу барысында көп кемшіліктерге жол беріліп отыр”- дегенді айтады.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсоваға сауал жолдап, онда Атырауда жаңа жылдың алдында дүниеге үш бірдей нәрсетені әкелген Гүлшат Нұрмұхановаға бүгінде жергілікті әкімішілік тарапынан еш көмек көрсетілмей отырғандығын айтты.

Мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы: “Адам тағдырына, ұрпақ тағдырына биліктегілердің немқұрайлы қарауының бір мысалы, Атырауда жаңа жылдың алдында ғана үш бірдей нәрестені яғни үшемді дүниеге әкелген Гүлшат Нұрмұханова панасыз болғандықтан, ауруханадан ауруханаға сәбилерін құшақтап көшіп жүр. Халықтың тұрмысын жақсартып жатырмыз дегенде әкімдер алдына жан салмайды. Бірдей бір үшем тапқан ананы бір баспанамен қамтамасыз ете алмау ұят нәрсе. Осындай күн көрісі жоқ отбасыарға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тарапынан да тиісті көмек жүйелі түрде көрсетіліп отырған жоқ”.

“Жергілікті әкімшілік атаулы әлеуметтік көмекті қажет етіп отырған отбасыларына осы көмекті бермеудің әртүрлі амалын табуда”- дейді депутат Жекен Қалиұлы.

Мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы: “Атаулы көмекті жағдайы төменотбасылар, жұмыссыз жүрген адамдарға ала-алмай жүр. Көмекті бергеннің өзінде де жергілікті әкімшілік неше түрлі амал тауып қалай бергісі келсе,солай береді екен. Тіпті үйіндегі мал басын санап, сүт бермейтін тайыншаны да сүт береді деп есептеп жатқан көрінеді. Сөйтіп береген көмекті кемітіп беріп жатыр. Балалы болған ана бала үшін бір мезетте берілетін 13 мың теңге жәрдемақы алады. Көп бабалы аналар балары үшін 1,5 мың теңге алады. Атаулы әлеуметтік көмекті есептеген кезде, осы жәрдемақыларды да қосып есептеп жатқан көрінеді. Ал бұл заңда көрсетілмеген, жергілікті әкмшіліктің істеп отырған ісі осы. Негізі балаға төленетін ақы бір бөлек болуы керек те, атаулы әлеуметтік көмекті жеке есептеу керек.”

Мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы “Атаулы әлеуметтік көмек туралы” заңды қабылдаған кезде арнайы бөлінетін қаражатты жергілікті бюджеттен емес, республикалық бюджеттен бөлу керек деп көрсеткен дұрыс болар еді дейді.

Мәжіліс депутаты Жекен Қалиұлы: “Біз бұны республикалық бюджеттен қарастыруымыз керек еді. Бірақ заңды қабылдар кезде көпшілік дауыспен атаулы әлеуметтік көмек жергілікті бюджеттен бөлінеді деп өтті. Өз басым бұған қарсы болдым,бұл біздің қателігіміз. Себебі әкімдер өз ойларына келгенді істейді.”

Жекен Қалиұлы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсоваға жолдаған депутаттық сауалында, министрідің парламентке келіп, депутаттар алдында аталған заң төңірегінде туындап отырған проблема бойынша түсінік беруін сұрады.
XS
SM
MD
LG