ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қорғаныс министрлігі зымырандарға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесі жеткілікті сыналған және оны орнықтыру, бұрын жоспарланғандай, биыл қыркүйекте басталуы ықтимал деп есептейді. Пентагонның зымыранға қарсы қорғаныс мекемесі жаңа жүйе АҚШ-тың барлық 50 штатын зымырандық шабуылдан қорғай алады деп мәлімдеуде. Дегенмен де Пентагонның шұғыл сынақтар басқармасының жыл сайынғы баяндамасында: құрлықаралық зымырандардан қорғаудың жаңа жобасын сәтті деп ауыз толтырып айтуға ертелеу делінген.
АҚШ-тың қорғаныс министрлігі зымырандарға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесіы орналастыру биыл қыркүйекте басталуы ықтимал деп есептейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты