Пауелл кеше Грузияда мүмкін Саддам Хусейіннің қолында химиялық, биологиялық қару түрлері болмаған да шығар деген, ол бұл сөздерді АҚШ-тың жойқын қару іздестіру тобы жетекшілерінің бірі Дэвид Кейдің пікірлеріне байланысты қойылған сауалға жауап ретінде айтқан.
Кей Ирақ басшыларында жаппай қырып- жою қаруы болды деп ойламаймын деп айтқан болатын-ды.
БҰҰ-ң бас хатшысы Кофи Аннан Кей тәжірибелі инспектор, сондықтан да оның айтқандарына мән беру керек деп атап көрсеткен.
АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Ирақта жаппай қырып-жою қаруы болды ма, жоқ па деген мәселе басы ашық күйінде қалып отыр деп атап көрсеткен.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
AzattyqTV