Accessibility links

Алматыда экологиялық проблемаларды шешуге арналған семинар басталды


Қаңтардың 27 сі күні Алматыда үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақ ұйымдарының экологиялық проблемаларды шешудегі ролін зерттеп талдау тақырыбына арналған екі күндік семинар басталды.

Бұл жолғы бас қосу семинарды Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы Италияның «Оңтүстік жоба институты атты үкіметтік емес ұйым және Италияның Сенім қорымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Бұл жөнінде радиомызға Орталық Азия аймақтық экологиялық орталықтың ақпарат бөлімінің қызметкері Александр Николаенко хабарлады. Оның айтуынша, Алматыда басталған семинардың басты мақсаты Орталық Азия елдеріндегі экология мәселесі,жалпысы экология проблемасына қоғамдық ұйымдарды жұмылдыру солардың назарын аудару әсіресе кәсіподақ ұйымдарының бұл мәселедегі рольдерін анықтау, олардың көзқарас, пікірлерін тыңдау болмақ.

Семинар жұмысы екі күнге жплғасады. Бұған Қазақстанның жиырмадан астам үкіметтік емес ұйымдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдіері қатысып отыр. Семинар соңында Италияның сенім қоры Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдарының су ресурстары мен биологиялық түрлер саласына арналған бірқатар жобаларын қаржыландырмақшы көрінеді.
XS
SM
MD
LG