Accessibility links

Президент Буш Ирақ соғысын әділетті шешім дейді.


Өзінің сейсенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ президенті Буш тағы да кезекті рет, Ираққа қарсы жарияланған соғысты жақтап сөйледі. Бірақ Ирақтағы жойқын қаулар жөнінде ол бірер нәрсе айта қоймады. Соңғы күндері АҚШтық қару-жарақ тексеруші маман, демалыстағы инспектор Дейвид Кей өзінің жұмыс тәжрибесіне сүйеніп Саддам Хұсейннің ондай қарулары жоқ дегенді қайталай айтқан. Оған соңғы 9 айдағы тексерулер дәлел, дейді Кей. Ал БҰҰ бас хатшысы Кофи Аннан Ираққа өз ресми тобын жіберіп ол елде маусымның 30ына дейін сайлаулар өткізу мүмкіндгін анықтап алмақшы. Аннаның айтуынша, сайлаудың дұрыс өтуі үшін АҚШ күштері қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қажет. - Сондықтан мен ол мәселені пысықтау үшін өз миссиямды Ираққа жіберіп отырмын, - дейді Кофи Аннан Бұл арада сейсенбі күні Бағдатта болған атыспа шабуылдарда бір шофер, СиЭнЭн теледидарынан аудармашы-редактор және 3 американдық сарбаз қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG