Accessibility links

БиБиСи корпорациясының төрағасы Гэвин Дейвис қызметінен кетпек


БиБиСи корпорациясының төрағасы Гэвин Дейвис қару-жарақ сарапшысы мархұм Дейвид Келлидің мәселесіне орай өз қызметінен кетпек. БиБиСидің саяси хабарлар редакторы Әндрү Маррдың теледидардан айтуынша, Гэвин Дейвис өзінің бұл шешімі жөнінде Корпорация жетекшілігіне жақын арада мәлімдемек екен. Үкіметтік қару-жарақ сарапшысы Дэвид Келлидің жұмбақ өліміне орай БиБиСи корпорациясының қатты сынға кездесуі Гэвин Дейвистің осындай қадамға баруына себебші болып отыр. Британия парламентінде сәрсенбі күні сөйлеген лорд Хаттон, Тони Блэрдің үкіметі Саддам Хұсейн режимінен келетін қауіпті асыра көпіртіп айтты деген БиБиСидің мәлімдемесінде негіз жоқ, деді. Бұл мәселеде БиБиСи беймәлім бір сарапшының дерегіне сүйенген. Ал ол сарапшының аты-жөні мәлім болған кезде доктор Дэвид Келли өзіне қастандық жасап өлген. Сонымен Британиялық бас судя Брайан Хаттон сарапшы Дэвид Келлидің өліміне Бас министр Тони Блэр кінәлі емес деп шешті. Барлау қызметіне қарсы ешқандай іс-әрекет жасалған емес, - деді Британия бас министрі Тони Блэр. Ирақтағы американдық қару-жарақ тексерушілер тобының бұрыңғы жетекшісі Дэвид Кей сәрсенбі күні Вашингтонда Конгресстің Сенат комитетінде сөйлеп, соғыс алдынан Ирақта бұрын айтылғандай заңсыз қарулардың болуы ақиқатқа сай келмейді, деген. Дэвид Кейдің айтуынша, оның тексеру тобы Ирақта ешқандай қару таба алмаған. Ол, Ирақта жаппай қырғын қаруларының табылмауы бұл американдық барлау қызметінің әлсіздігін, шарасыздығын көрсетеді, деген.
XS
SM
MD
LG