Бұл туралы бүгін, 29-қаңтарда, Астанада ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов журналистерге хабарлады. А.Есімовтың айтуынша, бұл шара "аталмыш елдерде малдың аусыл дертіне шалдыққандығы туралы халықаралық эпизоотикалық бюроның хабарламасына сәйкес" қолданылып отыр. "Мұндай мәлімет айрықша алаңдаушылық тудырғандықтан біз шекараны жабуға мәжбүрміз", - деді А.Есімов.
Қазақстан көршілес Қырғызстан мен Өзбекстаннан ет, ет өнімдері, тірі мал және құс әкелуге тиым салды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Қытай-Ресей қатынасы
АҚШ-ты алаңдатқан сапар. Си Цзиньпин Мәскеуге не үшін бара жатыр?
AzattyqTV