Accessibility links

Әділет органдарының өткен жылдағы жұмысы қорытындыланды



Қаңтардың 30-ы күні Қазақстан республикасының әділет министрлігі өткен жылы атқарған жұмыстарын қортындылады. Әділет министрі Оңалсын Жұмабековтің айтуынша, өткен жылы сотталғандар арасында жасалған қылмыс 21 пайызға кеміген. Оның ішінде ауыр қылмыстар жасау 24 пайызға азайған. Ал, түберкулезбен ауыратындар 25 пайызға қысқарған. Сонымен қатар министр бұл саладағы кемшіліктерді де атады.

- Қатаң тәртіптегі астаналық колония бізге көптеген проблема туғызды. Мұнда режим қамтамасыз етілмейді. Мекеме басшылығы жағдайды бақылаудан шығарған. Сотталғандар арасында тиісті жұмыс жүргізілмейді. Жедел қызметтің бұл кемшіліктері екі топтағылардың дене мүшелеріне зақым келтіруіне себеп болды, - деді Әділет министрі.

Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, сотталғандардың еңбегін пайдалану мәселесінде ілгерлеушілік жоқ. Қазіргі уақытта сотталғандардың 30 пайызы ғана ебекпен қамтылған.

Министр әділет саласындағы басқа да мәселлерге тоқталды. Оңалсын Жұмабековтың айтуынша, қаржылық бұзушылық жасағаны үшін әділет органдарының 164 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Олардың 11 қызметтен босатылған.

Министр сондай-ақ әділет органдары саласында сыбайлас жемқорлық қылмсытардың тиылмай отырғанын да атап өтті. Өткен жылы 26 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қозғалған қылмыстық істің 17 пайызы қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің үлесіне тиген.

Оңалсын Жұмабеков, әділет саласындағы басқа құрлымдардың да жұмысына кеңінен тоқталды. Айта кетер жәйт, 2004 жылдың қаңтарынан бастап, үкімет қаулысына сәйкес облыстық әділет басқармалары департамент болып қайта жасақталып, ал аудандарда әділет басқармалары құрылуда.
XS
SM
MD
LG