Accessibility links

Қазақстан баспасөз заңының жобасын АҚШ сынап отыр


АҚШ сыртқы істер министрлігінің өкілі Карлос Паскаль Қазақстанда дайындалып жатқан "Баспасөз заңы" сөз бостандығын одан сайын кемітпек деп мәлімдеді. Карлос Паскаль сипаттамасын кеше Астанада Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаевпен кездескен соң айтты, деп хабарлайды "Ассошейтед пресс" агенттігі. Жаңа заң бойынша сот қарамағында болған бір қатар құзыр ақпарат министрлігіне өтпек, заңды бұзды деп айыпталған бұқаралық ақпарат бұлақтарын оп-оңай жаба салу мүмкіншілігі туындайдs, АҚШ сыртқы істер министрлігі осыған алаңдайды, деді Карлос Паскаль.
XS
SM
MD
LG