Бұл пікірді Франция Сенатының депутаттары Қазақстанның Франциядағы елшісі Дулат Қуанышевпен бүгінгі кездесу барысында айтты. Депутаттар тобын бастап келген Трюси мырза Қазақстанды Орталық Азия елдерінің лидері деді. Депутаттар сондай-ақ қазақ-француз әріптестіктерін бұдан да қарқынды түрде дамытудың қажеттілігін айтты. Франция елбасы Жак Ширактың биылғы жылы Қазақстанға жасайтын сапарының маңыздылығы да атап көрсетілді.