Accessibility links

БҰҰ-ң Бас хатшысы К.Аннан кеше егер Ирақта конститутциясы құрылып, тұрақты үкіметті орнату көзделетін болса, уақытша әкімшілік бір шешімге келуі керек деп айтқан.


Аннан Ираққа сайлау сарапшылары командасын жібереміз дегенімен де, дәл қашан екендігін анық айтпаған. - Сарапшылар тобы Ирақта мамыр айының аяғына қарай тікелей сайлау өткізуге мүмкіндік бар ма, бола ма деген бізден сұралып отырған мәселені зерттейді, мүмкін біз Ирақ тұрғындарына қолайлы болатындай басқа бір сайлау жүйесін ойлап таба алармыз, - деп атап көрсеткен К.Аннан Бұл аралықта кешегі күні Парламенттегі пікірталастар кезінде Британияның премьер-министрі Тони Блэр қару инспекторларының жаппай қырып-жою қаруын таба алмадық деп мәлімдегеніне қарамастан, Ираққа қарсы жүргізілген соғыстың дұрыстығын далелдеуге тырысқан. Вашингтонда АҚШ- мемлекеттік қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфелд Ирақта мұндай қару мүлде болған жоқ дегенді айғақтайтын дәлелді деректің болмағандығын айтқан.
XS
SM
MD
LG