Accessibility links

Иран өкімет өкілдерінің сөзіне қарағанда, Парламенттік сайлаулар өзінің бұған дейін белгіленген мерзімінде өтетін болады.


Елдегі саяси дағдарысқа рухани көсем Аятолла Али Хаменейдің екінші рет араласуының нәтижесінде осындай шешім мүмкін болуда. Мемлекеттік дәрежедегі маңызды сауалдар бойынша ең соңғы сөз- рухани көсемге тиесілі. Реформалық бағыттағы саясаткерлер, ішінде елбасы Мұхамед Хатами де бар, егер екі мыңнан аса үміткерлер сайлауға түсуге қайтадан мүмкіндік ала алмаған жағдайда, Парламенттік бұл сайлауларға өздерінің бойкот жариялайтындығын мәлімдескен болатын.
XS
SM
MD
LG