Accessibility links

Мюнхенде НАТО-ның Қауіпсіздік конференциясы ашылды.


Мюнхен. Мюнхенде НАТО-ның жыл сайын өтіп тұратын, биылғы 40-шы Қауіпсіздік Конференциясы бүгін өз жұмысын бастады. Конференцияға жиналған 250 министр арасында Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов, АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд бар. Конференцияда сөйлеген сөзінде Германия сыртқы істер министрі Иошка Фишер НАТО –ның Ираққа ықтимал әскер кіргізуіне Германия үкіметінің қарсы болмайтынын мәлімдеді. Алайда, ол Ираққа қарсы АҚШ бастаған соғыстың әділдігіне Германияның шүбәлі күйде қала беретінін де айтты.
XS
SM
MD
LG