Жолдардың кейбір бөліктерінде қатты мұз қатып, жүруге жағдай болмай қалды. Бүгін, 9-ақпанда тас жолдардағы қозғалыс қайтадан қалпына келтірілді. Әйтседе, ауа райының ахуалы нашарлай түсуде. Қарағандыда күшті қарлы бұрқасын басталды. Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан Kazakhstan today тілшісіне хабарлағанындай, әзірге күшті дауыл туралы ескерту берілген жоқ. Дейтұрғанмен, жағдай алдағы бірнеше сағатта өзгеруі мүмкін.