6 жылға белгіленген бұл жобаның жалпы құны 65 миллион АҚШ доллары болады. Оның 20,9 миллионын Қазақстан, 9,5 миллионын Ислам даму банкі, 34,5 миллионын Азия даму банкі қаржыландырады. Жоба Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының 200-ден 6 мыңға дейін тұрғыны бар 400 ден астам ауылының сумен қамту және кәріз жүйелерін қалпына келтіру, суды тазарту қондырғылары мен су құбырларын жөндеу секілді жұмыстарды қамтиды. Оның Азиялық даму банкі арқылы қаржыландырылатын займы 5 жылдық жеңілдікпен берілген.
Бүгін, Ақпанның 9-ы дүйсенбіде Астанада, Қазақстан Қаржы министрі Ерболат Досаев пен Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Казухико Хигучи ҚР Үкіметі мен Азия даму банкінің арасындағы Ауылдық жерлерді сумен және кәріздік жүйемен қамту жөніндегі салалық жобаның займы туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Желтоқсан-1986. Совет билігі қанға бөктірген бейбіт шеру
-
Журналист пен заңгердің күресі
Өзін-өзі ұсынған екі үміткер сайлаушылар дауысына қалай таласты?
AzattyqTV