Accessibility links

Тақырбастар Санкт- Петербургта бір тәжік отбасына шабуыл жасап, 9 жасар қызды өлтірген.


Тәжікстандық мердігер Юсуф Сұлтанов өткен түні Санкт- Петербург көшелерінің бірінде ұлы және қызымен кетіп бара жатқанда, оларға 14, 17 жас аралығындағы он шақты тақырбас шабуыл жасап, үшеуін соққыға жығып қашқан. Әке мен бала ауыр жарақат алып, қыздары қаза болған. Қала әкімі Валентина Матвиенко заң-тәртіп орындарынан жас қылмыскерлерді табуға бұйрық берген.
XS
SM
MD
LG