Accessibility links

2004-жылдың 15-ақпанынан бастап Қазақстанда 27 мемлекеттің азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі деп хабарлайды Kazakhstan today.


Атап айтсақ, Австралия, Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания, Италия, Канада, Лихтенштейн, Люксембург, Малайзия, Монако, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, АҚШ, Финляндия, Франция, ГФР, Швейцария, Швеция және жапония азаматтарына виза беру тәртібі жеңілдетіледі. Бұл туралы кеше, 12-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы Істер Министрлігі консулдық қызмет департаментінің директоры Уәлихан Қоңырбаев хабарлады. "Аталған елдердің азаматтары біз үшін миграциялық немесе заңсыз еңбек көші-қоны тұрғысынан ешбір қауіп-қатер төндірмейді",- деді У.Қоңырбаев. Оның айтуынша, "осындай елдердің тізімі болашақта ұлғая түседі".
XS
SM
MD
LG