Accessibility links

Тәжікстандық ресмилер тәжік қызын соғып өлтірген азаматтарды тауып жазалауды талап етеді.


Арасында президент Э.Рахмонов та бар тәжікстандық ресмилер ресейлік жасөспірімдер қолынан қаза тапқан 9 жасар тәжік қызының өліміне орай өз алаңдаушылықтарын білдірген. Бүгін жұмада Тәжікстан Сыртқы істер министрлігі Ресей әікішілігінен ол қылмыскерлерді тауып жазалауды талап еткен. През. Рахмонов Ресейдегі өз елшісінен марқұмның отбасына жәрдем беруін сұраған. Ол қызды өз әкесі және бауырымен Санкт Петербург көшесінде кетіп бара жатқанда 14-17 жастағы оншақты жас аямай сабаған. Бұл қазаға орай,Тәжікстандағы ел де ашу-ызаларын жасырмауда. Халықаралық көші-қон ұйымы мәліметтеріне қарағанда, Ресейде 600 мыңдай тәжік жұмыс істейді.
XS
SM
MD
LG