Accessibility links

Ауа райының 4 градусқа дейін күрт жылып, жаңбырдың жаууына байланысты, Шығыс Қазақстанда 17 ақпаннан бастап, облыста қар тасқынының қатері бар деп жарияланды.


ӨСКЕМЕН: Тағы бір апатты жағдай Шығыс Қазақстан облысында төніп отыр. Ауа райының 4 градусқа дейін күрт жылып, жаңбырдың жаууына байланысты, бүгін – 17 ақпаннан бастап, облыста қар тасқынының қатері бар деп жарияланды. Оның қарсаңында, Риддер қаласындағы Громотуха өзенінде мұз қозғалып, қала тұрғындары тәулік бойы ас сусыз отырды. Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқарма халықты қала сыртындағы таулы алқаптарға барудан бас тартуға шақырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.
XS
SM
MD
LG