Accessibility links

АҚШ үлкен Таяу Шығыста НАТО рөлін күшейтуге күш салып отыр.


Ауғанстаннан Мароккоға дейін созылып жатқан үлкен Таяу Шығыста НАТО-ның ұзақ мерзімдік рөлін орнату қажет деп АҚШ НАТО-ның өзге мүшелеріне күш салып отыр. Яғни, дәлірек айтқанда АҚШ-ның бұл ұсынысына орай НАТО ұйымы ішінде айтыс-тартыс бар.

Вашингтондағы саясатшылар үлкен Таяу Шығыс деп аталатын аймақта НАТО үлкен рөл ойнау керек деп білетін ойларын жасырмайды. Солардың бірі республикалық сенатор Чак Хагел. Өткен айда ол Брюсселде НАТО елшілері бас қосқан жиында алдағы жарты ғасырдағы НАТО болашағы неге тіреліп тұр? НАТО болашағы осынау Таяу Шығыс аталатын беймаза аймақты жаңғырта ала ма жоқ па деген мәселеге тіреліп тұр дегені аян. Бұл не деген сөз? Бұл НАТО Ауғанстан, Ирақ бойынша тағы да басқа беймаза аймақтарда тұрақтылық сақтауды өз мойынына алады деген сөз. Бұл НАТО-ның Стамбұл саммитінде қаралатын басты мәселе болмақ. АҚШ-ның бұл жоспары алайда НАТО-ның өз ішінде де, оның сыртында да жаппай қолдау тауып отырған жоқ. НАТО Парламенттік Ассамблеясындағы Британия делегациясының өкілі Маик Гримес:

"Үлкен Таяу Шығыс бойынша НАТО бір шешімге келді деуді қабылдамаймын. Меніңше дәл кәзір Ауғанстанда қатысты НАТО рөлі бар. Ираққа қатысты ол рөл болуы мүмкін."

Гриместің айтуынша НАТО ның Балканда әскер ұстауының маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. НАТО сондай-ақ Ресей, Украинамен, түстік Жерорта теңізі елдерімен ынтымақтастығы дами беруі керек деп біледі ол. НАТО –ның Ирақтағы рөлі өкілетті үкімет орнағанша қажет. Ауғанстанда болса НАТО рөлі мейлінше маңызды. АҚШ жағы болса үлкен Таяу Шығыстағы НАТО рөлін күшейгенін қалайтын себеібі бұл аймақта Америка әскерінің тым көп шоғырлануынан дейді. Алайда АҚШ-ның бұл пікіріне күман келтірушілер жоқ емес. Германияның НАТО-дағы делегациясының жетекшісі Маркус Меккел:

"Буш әкімшілігі НАТО –ны Ираққа араластырғысы келеді. Алайда бұл стратегиялық мәселе емес. Бұл уақытша шара. Өйткені олар ондағы ауыртпашылықты бірге көтерушіні көздеп отыр. Себебі бұл күйде жағдай жалғаса берсе онда ол сәтсіздікке соқтырмақ" Маркус Меккел, сондай -ақ, өз ойын одан әрі дамыта келе АҚШ пен Еуропа елдері бір ортақ мәмілеге келуі керек деп біледі.

"Меніңше ең басты сын асу АҚШ мен Еуропа елдерінің өзара ортақ мүдде таба білуінде, сол ортақ мүддені анықтай білуінде дер едік. Және сол үшін шайқас сала білуінде дер едік."

АҚШ-ның НАТО үлкен Таяу Шығыс бойынша рөл ойнау керек деген ұсынысына сезікпен қараушылар қатарында Түркия да бар. НАТО-дағы түрік делегациясының жетекшісі Вахит Ердем:

"АҚШ Таяу Шығыс бойынша Мароккодан Ауғанстанға дейін созылатын үлкен Таяу Шығыс деген жаңа идея шығарды. Алайда, "Үлкен Таяу Шығыс" дегеніміздің сыры не? Бізге бұл анық емес".

"Соныңмен, лаңкестікке қарсы үнемі әскери әрекеттер жүргізудің орнына әлдекім Таяу Шығыстағы жүйені өзгертуге тиіс" Таяу Шығыстағы НАТО рөлін күшейту туралы АҚШ ұсынысына қолдау көрсеткен НАТО –дағы француз делегациясы болды.
XS
SM
MD
LG