Accessibility links

Иранда шамамен 300 адамның қзасына соқтырған жүк поезының елдің солтүстік-шығысында апатқа ұшырауының себептерін тергеу басталды.


ТЕҺРАН: Бүгін Иран президенті Мухаммад Хатами шамамен 300 адамның қазасына соқтырған кешегі темір жол апатын “қайғылы және қайта жол беруге болмайтын” оқиға деп бағалады. Президенттің талабы бойынша, үкімет бүгін Иранда жүк поезының елдің солтүстік-шығысында апатқа ұшырауының себептерін тергеуге кірісті. Үкіметтің алдында күкірт, жанар май және химиялық тыңайтқыштар тиілген теміржол вагондарының рельстен тайып, аударылып өртену себептерін анықтау міндеті тұр.
XS
SM
MD
LG