Accessibility links

Рамсфелд Өзбекістанға Қауіпсіздік мәселелерін талқылау үшін келді.


Сейсенбі күні АҚШ-тың Қорғаныс министрі Дональд Рамсфелд Ирақ пен Кувейтен соң Өзбекістанға келді. Бұл оның соңғы екі жыл ішіндегі Орталық Азиялық елге осымен үшінші мәрте келісі. Рамсфелд өзбек елбасы Ислам Кәрімовпен екі жақты қарым қатынастар мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері және көршілес Ауғаныстандағы жағдайды талқылады. Одан соң ол Қазақстанға ресми сапарын жалғастырады.

Өзбекістан 2001-ші жылы Ауғаныстанда соғыс қимылдарын жүргізу үшін өзінің Ханабад әуебазасын АҚШ қосындарына пайдалануға бергенен бастап Тәшкент Вашингтонның лаңкестіке қарсы күресінде одақтасына айланды.

Сенбі күні Ассошиэйтед Пресске берген сұқпатында Өзбек Сыртқы істер министрі Садық Сафайев Ауғаныстанда қимылдар жалғасуына сай америкалық қосындар қала береді,-деді. Ол өз елінде американдықтардың ұзақ мерзімге қалу мүмкіншілігінде теріске шығарған жоқ.

Адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар АҚШ-Өзбек одағын сынап, Ташкенттің үнемі халықаралық адам құқықтары бойынша келісімдерін аяқ асты ететіндігін бетке басты. Нью-Йоркте орналасқан Human Rights Watch құқық қорғау ұйымының өкілі Жан-Поль Мартоз, Рамсфелдке қайрылып, ол өзбек елбасына бұндай заң бұзушылықтар екі ел арасындағы үлкен серіктестікке өз кесірін тигізетіндігін жеткізуді сұрады:

- Біз, Дональд Рамсфелд президент Кәрімовқа ол, өзінің адам құқтары бойынша көрсеткіштерін жақсартуын қатаң түрде айтуын қалаймыз. Біздің пайымдауымызша, Пентагонның мәліметтері мен өткен айда Мемілекеттік департамент таратқан хабарландырудың айырмашылығы бар.

Қаңтар айында Мемілекеттік Департамент Тәшкент адамдарды азаптаулар мен басқада өрескелдітерін тыйуда ешқандай жетістіктерге қол жеткізбеуі себебінен Өзбекістанға көмек беру бағдарламасын тоқтатуды ұсынды. Өзбекістан әліде белгілі бір бағдарлама бойынша АҚШ жәрдемін алады. Бірақ, осы көктемде АҚШ президенті Джордж Буштың әкімшілігі Өзбекістанды басқа көмек бағдарламаларына тарту мәселесін қарайтын болады. Егер Өзбекістан халықаралық тадаптарды орындамаса онда барлық тікелей көмек тоқтатылады.

Өзбекістан Орталық Азия елдері ішінде екінші АҚШ көмегін алушы ел, 2003-ші жылы 86 миллион доллардың көмегін алды. Ал Қазақстан болса 92 миллион долларлық АҚШ жәрдемін алды. Сыртқы Саясат Талдау институтының Орталық Азиядағы АҚШ саясатына арналған хабарландырудың ауторларының бірі Майкл Суинидың айтуынша, Өзбекістан мен одақ американың аймақтық қауіпсіздігіне зыиянын тигізеді:

"Кәрімов 2002-ші жылдың наурызында 5 бабтан тұратын стратегиялық серіктестік келісіміне қол қойғанымен ол шынайы экономикалық және саяси реформаларды іске асыруда құлшыныс білдіріп отырған жоқ. Егер Кәрімов өзгеруді қаламаса біз Өзбекістанмен қарым-қатынастарға тым жабыса берсек, онда болашақта АҚШ-тың бет бейнесіне кірбің түсіп және антиамериканизм туындауы мүмкін."

Хабарландыру Вашингтон Кәрімовқа 2006-шы жылдың қаңтарына шейін шынайы экономикалық және саяси реформаларды жүргізуі үшін уақыт беруін ұсынады. Егер жеткілікті мөлшерде жетістіктер болмаса онда Вашингтон өз әскерін алып кетіп және Өзбекістанмен қарым-қатынастарын шектеуі тиіс,-дейді Суни.

Рамсфелд келмес алдын Өзбек соты Фатима Мұқадированы сейсенбі күні бостандыққа шығару туралы үкім шығарды. Ай басында Мұқадирова тиым салынған исламдық уағыздар жазылған кітаптарды сақтады деген айыппен 6 жылға бас бостандығынан айру туралы сот үкімін алып еді. Адам құқықтарын қорғаушы белсенділердің хабарлауынша, өзбек үкіметі түрме күзетшілері оның ұлын азаптап өлтіргенін дәлелдемек болғаны үшін оның үнін осылайша абақтыға тығып өшірмек болған.
XS
SM
MD
LG