Accessibility links

БҰҰ-ы Ирақта сайлау өткізуге ерте деп есептейді.


БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері Ирақтағы сайлау өткізудің БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан ұсынған мерзіміне кең қолдау білдіруде. Олар, сонымен қатар, Ирақтың саяси келешегін айқындаудағы БҰҰ-ы рөлінің кеңеюін қолдауда. Ирақтағы АҚШ бастаған коалициялық уақытша әкімшілік, К.Аннанның ұсынысына байланысты, Ирақ халқының елдегі биліктің өз қолына берілгенін 30 маусымға жоспарлағанын тілейді. БҰҰ-ынан біздің тілшіміз Роберт Макмахон осылай деп хабарлады.

Ирақта жаппай сайлау өткізудің мерзімі жөнінде және Ирақтың саяси келешегі мәселесінде БҰҰ-ы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері өз-ара ортақ пікірге келе бастағанға ұқсайды. Ирақта сайлауды өткізудің мерзімі туралы Кофи Аннанның пікіріне Ирақтағы АҚШ бастаған уақытшы әкімшілік өкілдері, кеше, өз көзқарасын білдірді. Атап айтқанда, Уақытша әкімшіліктің пікірінше, Ирақтағы билік тізгіні жергілікті халықтың қолына берілетін 30 маусымға дейінгі аралықта сайлау өткізу мүмкін емес және сайлауды ұйымдастыруға 8 ай уақыт дайындық керек.

Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің көбі ерекше атап көрсеткендей, өтпелі үкіметтің құрамында Ирақтағы барлық топтың өкілдері болуға тиіс және, сол көпшіліктің пікірінше, Ирақтағы барлық топтардың ортасында түсіністік болуы үшін онда БҰҰ-ы жетекші рөл ойнауға тиіс. Ирақтағы Басқару кеңесінің шеит және суннит мүшелері кеше, өзара келіссөздерінде ортақ тіл табуы үшін БҰҰ-ын делдал болуға шақырды. АҚШ-тың ұстанған көзқарасы бұрынғыдай. Мысалға, БҰҰ-ындағы АҚШ өкілі Джон Негропонтенің айтуынша, Ирақтағы коалиция, БҰҰ-ы және Ирақтағы басқару Кеңесі билікті Ирақ халқына берудің тәсілі немесе механизмі бойынша өзара уәжге келу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Дж.НЕГРОПОНТЕ: “Біз өзара пікіралмасулардың нәтижесінде осы тәсілдің іске асу мүмкіндігін көргіміз келеді. Сондай-ақ, біздің ойлауымызша, Ирақ халқы тарапынан өзара тіл таба алуы аса маңызды болмақ”, –деп атап көрсетті. Әйтсе де Дж.Негропонте - уақытша үкіметті жасақтау мәселесіне түсініктеме бермеді.

Ал БҰҰ-ының Бас хатшысы Кофи Аннан атап көрсеткендей, Ирақтағы Басқару Кеңесінің құрамы оған елдегі барлық топтың өкілдері тартылып, 150 мүшеге дейін ұлғайтылмақ. Сонымен қатар, уақытша немесе өтпелі Ұлттық үкіметті жасақтаудың принциптері бойынша өзара келісу үшін Ирақтағы барлық саяси күштер мен топтардың қатысуымен Ұлтитық конференция өткізу де қолдау тауып отыр. Ирақтағы жағдай туралы пікірталастар баршылық. Мысалға, Қауіпсіздік Кеңесіндегі Ресей өкілі Сергей Лавров - Ирақта ядролық қаруды іздеген БҰҰ-ы инспекторларының әлі де күшінде қалған мандаты мәселесін көтерді.

Ал БҰҰ-ымындағы АҚШ елшісі Дж.Негропонте брифингте БҰҰ-ы инпекторларының рөлі туралы ауыз ашпады. Оның есесіне, АҚШ-тың тексерушілер тобының Ирақ өкілдерінен жауап алып, компьютердің файлдары мен басқа да құжаттарды саралап, Ирақтағы жайқын қаруды іздеуін әрі қарай жалғастырып жатқанын атап көрсетті. Қауіпсіздік Кеңесіндегі Франция өкілі Жан-Марк де ла Саблир: БҰҰ-ы - Ирақтағы рөлінің кеңейе түсуіне байланысты, өзінің тәуелсіздігіне кепілдік беретіндей анық мандатқа мұқтаж болады, деп мәлімдеді. Оның пікірінше, Ирақтың егемендігін қайта қалпына келтіруді қолдау мақсатында, кейінірек БҰҰ-ының Ираққа қатысты жаңа Қарарын қабылдау керек болуы мүмкін. Ж.М. де ла САБЛИР: “Ол мәселе қажет кезінде, өзара ынтымақтастықта және өтпелі кезеңнің сәттілігі мен Ирақты қалпына келтіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ Ирақ халқына халықаралық қауымдастықтың көмегін жұмылдыру сияқты жалғыз мақсатта қарастырылуға тиіс”, деп атап көрсетті. БҰҰ-ындағы АҚШ өкілі Джон Негропонте: Ирақ бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің жаңа Қарарын дереу қабылдаудың ешқандай мұқтаждығы жоқ, ондай Қарар, бәлкім келешекте қажет болар, деген өз ойын айтты. Жалпы, Ирақтағы коалицияға кіретін елдердің өкілдері: қазіргі Қарар – ББҰ-ының Ирақтағы рөлін кеңейтуге жеткілікті мүмкіндік береді, деп шегелеп атап көрсетті.
XS
SM
MD
LG