Accessibility links

Экономика саласында жасалатын қылмыстардың ашылу деңгейі төмен


Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы құқық қорғау органдарының экономикалық қылмысты ашу, іздестіру қызметін қатты сынға алып отыр.

Экономика саласында жасалатын қылмыстардың ашылу деңгейінің төмендегі мұндай қылмыстардың азаюынан емес,-дейді Бас прокуратураның Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Серікбай Ерімбетов.

-Былтырғыға қарағанда экономикалық қылмыстардың ашылу деңгейі 10 пайызға төмен.

Экономика саласында қылмыс азайды деп айтуға ешкімнің де дәті бара қоймас. Жылт етпе фирма деген бар. Миллиондаған бюджеттен қаржылар дүниеде жоқ фирмалардың атына аударылады. Одан кейін ол қаржылар нақты ақшаға айналады. Сонымен із-түзі жоқ, қайда кеткені белгісіз,-дейді ол. Серікбай Ерімбетовтің айтуынша, прокурутура органдары тексере бастағанда ғана құқық қорғау органдарының жұмысы жандана бастайтын көрінеді.

Сарапшы мамандар экономикалық, коррупциялық қылмыстарға қарсы күресте құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тазалығы, кәсіби біліктілігі жоғары болуы керек дегенді айтады. Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков, осындай мамандар көбейсе ғана жақсы нәтижеге жетуге болады деп есептейді.

-Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстар жасырын. Оны әшкерелеу, дәлелдеу өте қиын. Сондықтанда қазір өзгерістер енгізіліп, негізгі экономикалық қылмыстармен, сыбайлас жемқорлықпен күресу міндеті қаржы полициясына тапсырылып отыр. Олармен Ішкі істер министрлігінің бұрынғы 9-шы департаменті қосылды. Осы шара меніңше, нәтижесін беруі керек,-дейді әділет министрі.

Ал, қарапайым азаматтардың қылмыстың ашылуына қатысты көзқарастарын сұрастырғанымызда, Қаныбек деген азамат қылмыстың барлығы бірдей ашылмайды. Ұсақ қылмыстар ашылып, үлкен қылмыстар ашылмай қалуы мүмкін дегенді айтты:

- Ұсақ тонау қылымысын жасағандарды қамап тастауы мүмкін. Ал, үлкендерді әлдекім арқылы, жемқорлық арқылы... көбісі ашылмай қалады деп ойлаймын. . Кәмила есімді Астана тұрғыны ешқандай қылмыс ашылады деп ойламаймын. Шындық жоқ дегенді айтты. Ол қалаталы адамдардың ғана абыройы артып тұр деп есептейді.

Ресми деректерге келсек, өткен жылы республикада 100 мыңнан аса қылмыс жасалыпты.
XS
SM
MD
LG