Accessibility links

Қазақстандағы жазасын өтеп жатқандардың құқы қорғалуда ма?


Естеріңізге түсіре кетейін, республика жұртшылығына ақпан айының 4-і күні қазақстандағы тәуелсіз КТК телеарнасынан Арқалық түрмесінің қызметкерлері сотталғандарды ұрып-соғып, жәбірлеп жатқандығын айқындайтын жарты сағаттық бейнетаспа көрсетілген болатын. Осы көріністен кейін Әділет министрі Жұмабеков бұл мәселеге байланысты аталған министрліктің арнайы комиссиясы құрылып, жұмыс жүргізіліп жатыр деп мәлімдеген еді. Енді Әділет министрі Оңалсын Жұмабеков ақпанның 26-ы күні “Азаттық” радиосына берген сұхбатында Арқалық түрмесінде орын алған жағдайға байланысты жүргізілген арнайы комиссиясның жұмысы аяқталғандығын хабарлады. Оның айтуынша, Арқалық түрмесіндегі сотталғандарды ұрып-соғу тапсырыстық сипаттағы жағдай, бірақ ол қылмыс болып саналды. -Арқалық түрмесінде орын лған жағдай тапсырыстық сипатта, бірақ осы түрменің 4 қызметкерінің іс-әрекеттері қылмыс болып саналады. Арқалық түремсінің аға бақылаушысы Омаровқа белгісіз біреулер қорқытып, ақша береміз деп,одан сотталғандарды ұрып-соғуды айқындайтын бейнені түсіріп беруді сұраған. Бірақ Омаров олардың кім екендігі айтпай отыр. Тергеу алдында белгілі болғандай Омаров олардан мың доллар, он үш мың доллар алған дейді, бірақ нақты қанша алғаны, оны кім әкелгендігі тергеу соңында белгілі болады. Біз сотталғандардың да, түрме қызметкерлерінің де құқын қорғау үшін жұмыс істейміз. Бұл жүйеде жұмыс жасау оңай емес. Болашақта сотталғандардың құқын бұзу мүлдем қайталанбайды деп кепіл бере алмаймыз. Ал Адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюро жетекшісінің орынбасары Жеңіс Тұрмағамбетова әділет министрінің Арқалық түрмесіндегі жағдай тапсырыс сипатында ұйымдастырылған деген мәлімдемесімен келіспеймін дейді. -Мен әділет министрінің бұл тапсырыс сипатындағы әдейі ұйымдастырылған жағдай деген мәлімдемесімен келіспеймін.Соңғы кездері Қазақстандағы түзету орындарында мұндай жағдайлар көп орын алып отыр. Жазасын өтеп жатқандардың күні бүгінге дейін құқы қорғалмай отыр. Әділет министрі Оңалсын Жұмабековтің айтуынша Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Нұрлан Смағұлов және оның екі орынбасары өздерінің қызметтен кететіні жайында өтініш жазған. Министр өз сөзінде Смағұлов мырзаның орнынан кетуін Арқалық түрмесіндегі жағдаймен байланыстырмаймын деді. -Смағұлов мырзаның қызметінен кетуі Арқалық түрмесінде болған жағдайға байланысты емес. Нұрлан Смағұлов пен орынбасарларының отставкаға кетуі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің жұмысындағы кемшіліктерге байланысты. Ал Жеңіс Тұрмағамбетова Нұрлан Смағұловтың Қылмыстық атқару жүйесі комиетінің басшылығынан кетуін Арқалық түрмесіндегі жәйтпен байланыстырады. Нұрлан Смағұлов бұл саланың маманы емес. Смағұлов осы комитетке келгеннен бері түзету орындарында сотталғандарды ұрып-соғу көбейіп кетті. Ол өзін орынан алып тастайтынын біліп, өзінің отставкаға кететіні туралы өтінішті алдын-ала жасап отыр. Жалпы қазақстандағы жазасын өтеп жатқандардың құқықтары қорғала ма, түзету орындарында сотталғандарды ұрып-соғып жәбірлеу бар ма деген сауалға Астана тұрғындарының берген жауаптары әр-түрлі. Нұрғали есімді жігіттің айтуынша. -Сотталғандарды ұрып-соқпаса олар кейде бағынбай кетеді. Кінә сотталғандардан да, қызметкерлерден де болады. Қазір жазасын өтеп жатқандарға барынша жағдай жасалып жатыр ғой. Менің атым Жусанов Олжабай. Арқалық түрмесіндегі жағдай туралы мен теледидардан көрдім. Түрме қызметкерлерінің ол іс-әрекетімен мен келіспеймін. Сотталғандар да адам, олар да анадан туған. Оларды тәрбиелеп, дұрыс жолға түсуіне көмек жасау керек. Әділет министрі радиомызға берген сұхбатында Арқалық түрмесінде орын алған жәйтке байланысты арнайы комиссияның жұмысы аяқталды, сотталғандарды ұрып-соққан түрменің 4 қызметкері қазір қамауда,енді олардың мәселесі тергеу органдарының жұмысы аяқталғаннан кейін белгілі болады деді. Сондай-ақ ол өзінің бұйрығымен осы мәселеге байланысты Қостанай облысы бойынша Қылмыстық атқару қызметінің басшысы Климентьев және оның орынбасары Громченко қызметтерінен босатылғандығын айтты.
XS
SM
MD
LG