Accessibility links

Баспасөзге шолу. 3-03- 2004


Мерзімді басылымдар жуырда ғана қабылданып кеткен Білім беру тұжырымдамасы да, Арқалық түрмесіндегі тұтқындардың аяусыз соққыға жығылуын әшкерелейтін ақпан айында шыққан телекөріністің де әлі күнге дейін жауабы табылмай отырған сауалдарға түрткі болып отырғанына жазады.

Мәселен, Арқалық түрмесінің бұрынғы бақылаушысы Омаровтың әкесі Сәруар Омаров өз баласының қылмысты ұйымдастырушы әрі оны таспаға түсіруші ретінде айыпталғанына, ал шын кінәлінің табылмай отырғанына өз наразылығын “Азат” газетінде жарияланған “Әдейі жасалған арандату” атты ашық хатында білдіреді. “Жасырын түсіру камерасы түрмеге қайдан, кімдермен, қандай мақсатта келген, иесі кім, оның түрмеге қандай қатысы бар, кімдердің басқаруымен жасалған іс, олар тексеріліп, заң алдында неге жауапқа тартылмайды?”, - дейді айтыпталушының әкесі. Сонымен бірге ол өз хатында баласы ақшаға қызығып, қылмыс жасады дейтіндей, оның үйін тінту кезінде ешқандай ақша табылмағанын, ол жөнінде келінінің де хабарсыз болып шыққандығын тілге тиек етеді.



Ал “Сөз” газетінің шеф-редакторы Гүлжан Ерғалиева Арқалық түрмесіндегі азаптаулардың жария болып, қоғамда үлкен дау тудыруы басқа түрмелердегі тұтқындардың да өздерінің ауыр жағдайлары туралы сөйлеп, “куә болуға” итермелеп отырғанын жазады. Сондай куәлердің бірі мақала авторына қазір Ғалымжан Жақиянов жатқан Құсмұрын түрмесінде “барлық тұтқындардың азаптау кезеңінен өтетіндігін” айтады. Оның сөзіне қарағанда, “Жақиянов та азаптау абақтысында отырды. “Оны біреулердің ұрғанын-ұрмағанын білмеймін. Бірақ басқаларды оның көзінше қинағаны рас. Ал бұл, басқалардың сол үшін жапа шегуі оны ұрып-соққаннан жаман. Адамға қатты әсер етіп, басқаларды оны жек көруге мәжбүрлейді”, - дейді Құсмұрын түрмесінен жуырда ғана босап шыққан тұтқын. Сондай-ақ ол: “Жақиянов құрт ауруымен науқас, тек әйелі әкелетін дәрі-дәрмекпен күн көріп жүрген шығар”, - деп есептейді. Оның мәліметтеріне қарағанда, “Жақиянов соңғы кезде екі рет: мешітте және жатын орнында есінен танып құлаған”.



Ал “Комсомольская правда Казахстан” басылымы тағы бір тұтқынның әкесінің сот шешіміне риза болмай отырғанын жазады. Ол азамат баласының тиым салынған экстермистік идеяларға ден қойып жүргеніне көңілі толмай, оны құқық қорғау орындарына өзі ұстап береді. Сөйтіп, “Шымкент соты үнпарақ таратушыны “Хизбут-ут-тахрир” экстремистік ұйымың мүшесі ретінде үш жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарады”. Алайда, мақала авторының айтуынша, қылмыскердің әкесі істің бұлай тәмамдалуына риза емес: ол ең алдымен “баласын “Хизб-ут-тахрир” торына түсірген адамдар жауапқа тартылуы тиіс”, - деп есептейді.



Кез-келген ата-ана баласының қорғап-қолдап, “оның ешкімнен кем болмауын қалайды”. “Оның жоғары білімі болуы үшін оны қалай болғанда да институтқа тықпалауға тырысады. Бірақ бүгінде мұндай көңіл-күй өтіп бара жатыр”, - дейді “Аргументы и факты Казахстан” басылымына педагогика ғылымдарының докторы Асқарбек Құсайынов. Оның мәліметтеріне қарағанда, әлеуметтік зерттеулер “ата-аналардың 89 пайызының міндетті түрдегі 12 жылдық білім беруге көшуге қарсы екендігін анықтаған”. “Өйткені, бүгінде ата-аналардың көпшілігі сәбиінің тезірек кәсіп игеріп, өз бетінше өмір сүруін қалайды”, - дейді Құсайынов. Ол “Жаңадан қабылданған Білім беру жүйесін дамыту тұжырымдамасының талқылау тым жылдам өте шыққандығына өкініш білдіреді”. Педагог Тұжырымдамадағы көптеген мәселелер, мәселен, философия докторы деген академиялық дәрежесінің берілуі туралы тұс та көп сұрақтар тудырып отырғанын тілге тиек етеді.



Жаңадан жарық көрген “Литер” газеті өзінің алғашқы санында “білім беру саласындағы басталып келе жатқан кезекті реформалар қорытатындығын” айтады. “Өйткені, биылғы оқу жылының соңында ортақ тестілеу бір жағынан мектеп бітіру емтиханы болса, екінші жағынан Қазақстан колледждері мен жоғары оқу орындарына рұқсат қағаз іспетті. Бірақ, бүгінде мұғалімдер тестілеу сұрақтарын әзірлеуде дүдәмал тұстар жеткілікті екендігін айтады”, - дейді Литер газеті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG