Accessibility links

Бес жасқа дейінгі балалардың денсаулығын жақсарту туралы жоба іске асырыла бастады


Осы жылдың ақпан айынан бастап Астанада «Серіктестік: Астана балаларының денсаулығы» атты жоба іске асырыла бастады. Жоба бес жасқа дейінгі астаналық тұрғындардың денсаулығын жақсартуды көздейді.

Бұл жобаны “ЭксонМобил» компаниясы мен Америка Құрама Штаттарының Халықаралық даму агенттігі қаржыландырып отыр.

Жобаның мақсаты-Астана қаласының балаларын Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының кеңесі бойынша балаларға тән ауруларды біріктіріп емдеуге арналған.

Осындай жоба Қазақстанның төрт облысында іске асырылуда. Жобаның Семей қаласы бойынша үйлестірушісі, Семей қалалық денсаулық сақтау басқармасының балалар дәрігері Әлия Қайдарованың айтуынша, жобада аурудың бес түрін емдеу қаралған.

« Жоба іш өту, өкпе, сондай-ақ қызылша секілді ауларды азайтуға үлес қосады»,-дейді ол. Қайдарова ханымның сөзіне қарағанда, соңғы он жылда Семей қаласы бойынша бала өлімі азайған, ал, 15 жасқа дейінгі мүгедек балалардың саны 2 мыңдай болып отыр.

Астанадағы Медициналық академияның педиатрия факультетінің оқытушысы Бақыт Мусинаның айтуынша, Қазақстанның шалғай аймақтарында балалардың өкпе қабынуы, іш ауруларынан шетінеуі жоғары болып отыр.

Ал, Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы Бекбай Хайруллин соңғы жылдары республика бойынша бес жасқа дейінгі балалар арасында өкпе, іш ауруынан қайтыс болу деңгейі кемігенін, бірақ аурдың бұл түріне шалдығу азаймай отырғанын айтады.

«Бес жасқа дейінгі балалардың өкпе ауруына шалдығуы әлі көп. Туған кезде балалар аурып туады»,-дейді ол.

Астана тұрғындары да балалар денсаулығына алаңдаушылық танытып отыр. Бұл орайда олар балаларға ем-дом жасауда тегін қызмет көрсетілсе деген деген тілектерін жеткізді.

Жоғарыда аталған жоба аясында халықты медициналық тұрғыдан ағарту шаралары да жүзеге асырылмақ.
XS
SM
MD
LG